Ұлыбританияның бас иммунологы Мэри Рамзи алдағы біршене жылда адамдар маска тағып, арақашықтық сақтауға мәжбүр болады деп есептейді, – деп жазады BBC.
Дәрігердің айтуынша, адамдар маска тағып, әлеуметтік арақашықтық сақтауға үйреніп қалған. Бұл шаралар елдердің әл-ауқаты мен экономикасына кері әсер етпеуі тиіс, өйткені қатаң карантин секілді шектеу шаралары кейбір елдердің дамуын бірнеше жылға тежеуі мүмкін. Сондықтан сарапшы "арқаны кеңге салуға әлі ерте" екенін ескертеді.
Рамзидің пікірінше, әлем халқының 70%-ына вакцина салдырып болғанша уақыт керек, сондықтан мемлекеттер карантиндік шаралардан бас тарта алмайды.
«Басқа сөзбен айтқанда, біз қалыпты өмірге оралмайынша карантиндік шараларды сақтауға мәжбүр боламыз»,– деді ол.