Қазір Әзербайжанда коронавирусқа байланысты ахуал пандемияның алғашқы күндеріне қарағанда анағұрлым қауіпті. Мәселен, соңғы бір тәулікте елде індеттің жаңадан 1759 оқиғасы тіркелген. Бұл жайында Әзербайжан медициналық университеті жанындағы Оқыту-терапия клиникасының бөлім басшысы А.Алиев айтты.
Оның сөзінше, коронавирус бұрынғыдан да жылдам тарап, адамның өкпесіне тиер зияны ұлғайды. Сондықтан асқынулар мен өлім-жітім саны артуы ықтимал. Инфекция жұқтыру қаупін алдын алу үшін әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.
«Ашық ауада бұл – кем дегенде 1 метр, жабық мекемеде – 1,5 метр. Медициналық масканы айыппұлдан қорыққаннан емес, қорғаныс үшін тағу қажет. Қол алысудан аулақ болған жөн. Қолды жиі жуып, құрамында спирті бар сұйықтықпен дезинфекциялау керек. Сондай-ақ адам көп шоғырланатын жерлерден аулақ болған абзал»,– деді дәрігер.