Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін. Соған байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейнінде 28-30 наурыз аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін. Сондықтан қарлы беткейлерге шығуға болмайды. Тауда абай болыңыз!"- деп хабарлады Алматы ТЖД.
Сонымен бірге, синоптиктердің хабарлауынша, Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының жазық аумағында оң температуралық фон мен жауын-шашын болжамына байланысты 28-29 наурыз аралығында қарқынды қар еруі және еріген ағын болуы мүмкін.