Қазақстан – Франция: Мбаппе қосалқы құрамда қалды
Қазақстан – Франция: Мбаппе қосалқы құрамда қалды
132
оқылды

Футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Франция құрамасына қарсы ойнайды. Француздардың бас бапкері Дидье Дешам алғашқы минуттарда алаңға шығатын футболшыларын атады.

Әлем чемпиондарының басты жұлдызы Килиан Мбаппе тізімге ілінбей қалды. Сонымен Франция ұлттық құрамасының намысын Льорис, Динь, Лангле, Зума, Дюбуа, Ндомбеле, Погба, Марсияль, Гризманн, Лумар, Дембеле қорғайтын болады. Кездесу 28 наурыз күні, сағат 19:00-де "Астана Арена" стадионында өтеді. Ойынды тікелей эфир арқылы «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналарынан көруге болады.