Қазақстанық дзюдошылар Grand Slam турнирінде жүлдесіз қалды
Қазақстанық дзюдошылар Grand Slam турнирінде жүлдесіз қалды
167
оқылды
Түркияның Анталья қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі аяқталды. 91 мемлекеттен келген 432 спортшының басын қосқан бәсекеде қазақстандықтар жүлдесіз қалды, деп жазады Olympic.kz. 60 келіде белдескен Мағжан Шамшадин екінші айналымда италиялық Андреа Карлинодан ұтылды. 66 келіде сынға түскен Бауыржан Сағынғалиұлы үшінші кезеңде әлем чемпионы, жапониялық Абе Хифумиге есе жіберді. 73 келідегі Аңсарбек Ғайнуллин Люксембург және Румыния спортшыларын жеңіп, кейін бельгиялық балуанға жол берді. Осы салмақтағы Жанболат Бағытбергенов үшінші айналымда швециялық Томми Масиастан жеңілді. 81 келіде Амангелді Мәди мен Абылайхан Жұбаназар бірінші кезеңнен соң жарыс жолынан шығып қалды. 90 келідегі Ерсұлтан Мұзафаров жұбаныш белдесуіне дейін жетті. Ол алдымен Канада, Италия, Тунис спортшыларын жеңіп, ширек финалда түркиялық Михаэль Жганктан айласын асыра алмады. Осы салмақта бақ сынаған тағы бір балуан Асылан Сағитбек үшінші кезеңде Израиль спортшысына есе жіберді. Дзюдодан Қазақстан командасы қатарынан екінші ірі жарыстан жүлдесіз қалып отыр. Бұған дейін отандық татами шеберлері Тбилисидегі Grand Slam бәсекесінен құр қол қайтқан еді.