Дубайда бір топ қыз ұсталды
Дубайда бір топ қыз ұсталды
288
оқылды

Дубай полициясы әлеуметтік желіде тараған видеороликке түскен бір топ қызды ұстады. Видеода бір топ жалаңаш қыз қаладағы биік ғимараттардың бірінде суретке түскен, – деп жазады Sky News.

Оқиға Дубайдағы Марина ауданында болған.
Ролик араб шейхтерінің сынына ұшырады.  Өйткені бұл елде көпшіліктің көзінше бұндай әрекеттер жасауға тыйым салынған. Алты айға дейін түрмеге қамап немесе 5 мың дирхам (580 мыңнан астам теңге)  айыппұл салынуы мүмкін.

Фотосессияға қатысушылар ұсталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды және ол прокуратураға жолданды.