Алматыда балалар арбасын өртейтіндер пайда болған
Алматыда балалар арбасын өртейтіндер пайда болған
161
оқылды
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баларға арналған арбалардың жаппай жануының жиілеп кеткенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Департамент таратқан мәліметке сәйкес, 2020 жылдың 6 қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістеріндегі арбалар мен велосипедтерді өртеудің 35 жағдайы тіркелген.
«Тек 2020 жылдың 6 қазаны мен 25 желтоқсан аралығында мегаполисте түнгі уақытта 20 өрт тіркелді. Сонымен қатар бір күнде бірнеше өрт оқиғалары болды. Атап айтар болсақ, 2020 жылдың 7 қарашасында таңғы сағат 7-ден 10-ға дейінгі уақытта Бостандық ауданында № 2,14,28 «Қазақфильм» және №5, 33 «Алмагүл» шағынаудандарының көпқабатты үйлерінен шақырту түсті. Бірден 5 бригада жұмылдырылды. Сондай-ақ 2021 жылдың 27 ақпанында таңғы сағат 7-ден бастап, 10-ға дейінгі уақыт аралығында өрт сөндірушілер Бостандық ауданының «Көктем» шағын ауданында 3 мекенжай бойынша өртті сөндірді»,– деп атап өтті Төтенше жағдайлар департаменті.
Сондай-ақ қалада Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу ауданыдағы тұрғын үйлердің кіреберістерінде 15 бала арбасының жану дерегі тіркелген.