Ауыр атлетикадан әлемнің екі дүркін чемпионы Симон Мартиросян Ереванда көлікпен адам қағып кетті, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Жол-көлік оқиғасы 12 сәуірде Yerevan Mall сауда үйінің маңындағы Аршакуняц даңғылында болған. Армениялық спортшы жолды рұқсат етілмеген жерде қиып өтпек болған жаяу адамды қағып кеткен.
Жүргізуші оқиға орнынан кетпей, бірден жедел жәрдем шақыртқан. Алайда зардап шеккен ер адам ауруханаға барар жолда көз жұмды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Мартиросян 109 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. Әлем чемпионатындағы жеңістерден бөлек ол Еуропаның екі дүркін чемпионы және 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада күміс жүлде жеңіп алған.