15 мамырдан бастап WhatsApp мессенджері жаңа ережелерін қабылдамаған қолданушыларына шектеу қояды. Жаңа шарттармен келіскендер мессенджерді бұрынғыдай пайдалана алады.
Мессенджер қолданушылардың профилін бірден жоймайды. Бірақ, олар WhatsApp-ты қолданудың жаңа шарттарымен келіскенге дейін басқа пайдаланушылардың қоңыраулары мен хабарламаларына жауап беру мүмкіндігінен айырылады. Шарттарды қабылдағандар оны бұрынғыдай пайдалана алады.