Шыңғыс Айтматовтың жары қайтыс болды
Шыңғыс Айтматовтың жары қайтыс болды
372
оқылды
Қырғыздың халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың әйелі Мария Айтматова қайтыс болды. Жазушының әйелі ауруханада көз жұмған, әзірге оның неден қайтыс болғаны белгісіз.  24.kg порталының хабарлауынша, жазушының келіні Сабира Айтматова осыдан бірнеше күн бұрын отбасы мүшелерінің барлығы коронавирус жұқтырғанын айтқан. Мария Айтматова 1942 жылдың 13 шілдесінде Шу облысында дүниеге келген. Шыңғыс Айтматовтың өзі 2008 жылы 10 маусымда Германияның Нюрнберг қаласындағы ауруханада қайтыс болды. Шыңғыс Айтматов – «Жәмила», «Боранды бекет», «Құс жолы», «Қош бол, Гүлсары», «Ғасырдан да ұзақ күн» және тағы басқа шығармалардың авторы.