Нидерландта ұлттық аралар санағы жүргізілді
Нидерландта ұлттық аралар санағы жүргізілді
249
оқылды
Нидерландта аралардың ұлттық санағын өткізді. Нәтижесінде соңғы жылы елдегі аралар саны азаймағаны белгілі болды. Қазіргі сәтте олардың саны 200 мыңнан асып түсті, деп хабарлайды euro-pulse.ru сайты. Санаққа елдің түкпір-түкпірінен 11 мыңнан астам ерікті қатысты. Олардың әрқайсысы жарты сағат ішінде өзінің немесе жақын бақшасындағы аралардың санын есептеді. 2018 жылы Нидерландта ара популяциясын сақтаудың ұлттық стратегиясы жарияланды. Араларды құтқару үшін олар ұя салуы мүмкін орындар санын көбейтуге және бал өсімдіктерін өсіруге тырысады. Бұл үшін, атап айтқанда, автобус аялдамаларының көгалдандырылған шатырларында «аралар аялдамалары» салынады. Еуропалық ғалымдар бұған дейін аралар зардап шегетін неотикотиноидтар деп аталатын пестицидтердің түріне тыйым салуды ұсынған. Сонымен бірге, 2020 жылы Еуропалық Одақ елдеріндегі омарташылар климаттың өзгеруіне байланысты әдеттегіден 40% аз бал жинады. Аралар мен басқа да тозаңдандыратын жәндіктер бүкіл әлемде азайып келеді. Жер бетіндегі тозаңдандыратын жәндіктердің үштен бірі жойылып кету қаупі бар. Ғалымдар мұны адам әрекеті салдарымен байланыстырады.