"Супер орта салмақта барлық белбеуді жеңгеннен кейін Головкин немесе Бенавидеспен кездесуге дайынмын ба? Иә, Әрине. Мен, алдымен, қазіргі мақсатымды орындап алайын. Содан соң Головкин менің басты мақсатым болады. Маған бұрын да Каллум Смиттен қашып жүрсің деген әңгіме айтты. Бірақ мен оны жеңдім. Содан соң жанкүйерлер оны осал қарсылас деп шықты. Енді алдыма қойған мақсатымды орындап алайын. Сосын басқа нұсқаларды қарастырамын", – деді "Канело" BoxingNews24 арнасына берген сұхбатында.Мексикалық боксшы Головкинмен екі рет кездесті. Бірінші кездесу 2017 жылы өтіп, тең аяқталды. Бір жылдан кейін өткен екінші кездесуде "Канело" төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.