Қырғызстанның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қырғыз-тәжік шекарасында болған қақтығыс кезінде 4 жасар баланың қаза тапқанын растады, - деп хабарлады АКИpress.
Белгілі болғандай, 29 сәуірде, 19.15-те ауылда атыс басталған.
“Үйлерге өрт қойылған кезде адамдар қаша бастады. Менің кенже сіңлім екі баласын алып қашты. Олар Фергана су арнасына жеткенде зеңбірек жарылып, бала су арнасына құлады. Адамдар оны су арнасынан алып шығып, ауруханаға жеткізген. Достук ауылындағы аурухана қызметкерлері оны қабылдамады. Кулунду ауылына жол жабық болып, менің жиенім жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Сіңлімнің бір қызы мен бір ұлы ғана бар еді”, – деді баланың тәтесі.
Бұдан бұрын Қырғызстанның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Ализа Солтонбекова 183 адамның жарақаттанып, оның 35-і қайтыс болғанын хабарлаған болатын.