Қазан қаласындағы мектепте болған атыс кезінде 11 адам қаза тапты, тағы 10 адам зардап шекті, - деп хабарлады ТАСС агенттігі.
«11 адам қаза тапқан, олардың арасында балалар мен мұғалімдер бар. 10 адам зардап шекті, соның ішінде төртеуі ауруханаға жеткізілді», - деді дереккөз.
Бұл ретте республикалық апаттар медицинасы орталығынан атыстан кейін ауруханаларға 12 бала мен бір ересек адамның жеткізілгенін хабарлады.
ТАСС агенттігінің құқық қорғау органдарындағы дереккөзі сейсенбі күні Қазандағы № 175 мектепте белгісіз екі адамның оқ жаудыра бастағанын хабарлады. Олардың бірі ұсталды. Қазіргі мәліметке қарағанда, бұл 17 жастағы жасөспірім. Екінші күдікті әлі ғимаратта жүр.