"Мен құдаймын": Қазандағы мектепте оқушыларға оқ жаудырған қанішердің кім екені белгілі болды
"Мен құдаймын": Қазандағы мектепте оқушыларға оқ жаудырған қанішердің кім екені белгілі болды
291
оқылды
Әлеуметтік желілерде Қазандағы мектепте оқушыларға оқ жаудырған 19 жастағы Ильназ Галявиевтен жауап алу сәтінің видеосы тарады. 
"Мен өзімнің құдай екенімді бірден білген жоқпын, екі ай бұрын ғана ұқтым. Жазда ішімде құбыжық ояна бастады. Айналамдағы адамның бәрін жек көре бастадым. Бұрын да жек көруші едім, енді ішімдегі ыза-кек күшейе түсті.  Мені есі ауысқан деп ойламаңдар", – деп келтіреді Baza Telegram-каналы оның сөздерін.
Ильназ Галявиевтің ұсталған сәтіндегі сөздерін Baza Telegram-каналы жүктеген.
"Маған құдай екенімді ешкім айтқан жоқ, екі ай бұрын өзім түсіндім. Алғаш рет бұны анама айттым. Менің анам жоқ,  мен оған сіз деп айта беремін.  Ол менің анам емес. Менің ата-анам жоқ, мен барлықтарыңды жек көремін.  Мен барша адамнан бас тарттым. Мені тапқан адам менің анам емес. Анам да, әкем де жоқ", – дейді ол.
РИА Новости ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқ атқан жас жігіт жергілікті колледжден оқудан шығарылған. Галявиев 8А сыныбына басып кіріп, оқ жаудырған.  Қанішердің қолынан 9 адам қаза тауып, 22 адам (18-і оқушы) жарақаттанды. 6 бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр.