"Мұғалім ажал құшарын білгендей жазыпты": Қазандағы мектепте оққа ұшқан мұғалімнің соңғы жазбалары жарияланды
"Мұғалім  ажал құшарын білгендей жазыпты": Қазандағы мектепте оққа ұшқан мұғалімнің соңғы жазбалары жарияланды
226
оқылды
11 мамыр күні Қазан қаласындағы мектептердің бірінде болған атыс салдарынан жеті оқушы және 25 жастағы мұғалім көз жұмған болатын.  Қанышердің қолынан қаза тапқан 25 жастағы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Эльвира Игнатьева екі айдан кейін 26 жасқа толуы тиіс еді. Мұғалім әлеуметтік желідегі парақшасында ажалын сезгендей әсерлі жазбалар қалдырыпты.
"Болашақты жайына қалдырыңыз, оны ойша жоспарлап құрмаңыз. Қазіргі сәтке қамқорлық жасаңыз, оған сүйіспеншілік танытып, қорқынышқа бой алдырмаңыз. Содан кейін әрбір сәтіңіз бақыт пен үйлесімділікке толы болады", - деп жазған Эльвира.
Куәгерлер оның қаскөйдің оғынан баланы құтқарамын деп өзі оққа ұшқанын айтқан.
"Өміріңізді бақытты ету айтарлықтай қиын емес. Сізге тек бақыт болашақта бір жерде күтіп тұрады деп ойлауды доғару керек және қазіргі сәттің әр минутынан ләззат алуды үйрену қажет", - депті жас ұстаз.
Бұған дейін Қазандағы мектепте оқушыларға оқ жаудырған 19 жастағы Ильназ Галявиевтен жауап алу сәтінің видеосында айтқан сөздерін жариялаған болатынбыз.