Мәскеуде мектепте оқушыларды атпақ болған тағы бір жасөспірім ұсталды, - деп жазады Life Shot Telegram-каналы.
16 жастағы Матвей жоспарын 15 жастағы құрбысына айтқан.
Зәресі ұшқан қыз естігенін анасына айтып берген. Әйел полиция шақырған.
"Матвейдің үйіне полиция дереу жетті. Жігіт өзінің әзілдегенін, ондай жоспары жоқ екенін айтқан", - делінген хабарламада
Алайда жоғары сынып оқушысы тұратын пәтерден пневматикалық автомат; пневматикалық тапанша;
"РС-31" маркалы "Жевело-Н" револьвері ; гранатометтің бос мойыны табылды.
Қазандағы мектепте оқушыларға оқ жаудырған 19 жастағы Ильназ Галявиевтен жауап алу сәтінде не айтқанын жазған болатынбыз.