Жаңа вирус пандемиясы басталады - ғалымдар
Жаңа вирус пандемиясы басталады - ғалымдар
255
оқылды
Халықаралық зерттеушілер тобы жаңа пандемия басталуы мүмкін екенін ескертеді, - деп жазады MedicalXpress. Ғалымдардың айтуынша, таяу шығыс респираторлық синдромы жаңа пандемияны тудыруы мүмкін. Таяу шығыс респираторлық синдромы - жаңа коронавирус тудыратын вирустық респираторлық ауру.  Ол алғаш рет 2012 жылы Сауд Арабиясында анықталды. Тестілеу нәтижесі вирустың өлім қаупі жоғары екенін көрсетті. Вирус жұқтырғандардың 40 проценті көз жұмды.  Басты белгісі - жоғары температура, жөтел және ентігу.  Әдетте пневмония анықталады, бірақ барлық жағдайда солай бола бермейді.