Маска тақпаған президентке айыппұл салынды
Маска тақпаған президентке айыппұл салынды
205
оқылды
Бразилия президенті Жаир Болсонару қоғамдық шараға маска тақпай шыққан. Пандемияға байланысты енгізілген санитарлық талаптарды бұзғаны үшін президентке айыппұл салынды, - деп жазады Euronews. Сенбі күні Болсорану Сан-Паулу көшелерінде мотожарысты басқарған. [caption id="attachment_145058" align="alignnone" width="650"] width= Фото: eadaily.com[/caption] Жергілікті биліктің хабарлауынша, Болсонаруды қолдау акциясына 12 000 мотоцикл қатысқан. Сан-Паулу штаты үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың мамыр айынан бастап қоғамдық орындарда маска тағуды талап ететін ережелерді бұзғаны үшін Президентке 110 АҚШ доллар мөлшерінде айыппұл салынған.