Көші-қонды зерттейтін ғылыми институт қажет пе?
Көші-қонды зерттейтін ғылыми институт қажет пе?
395
оқылды

 Іс-шараға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Арғын Серғазыұлы, «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың бірінші проректоры Еркін Оңғарбаев қатысты.

Меморандум мақсаты – шетелде Қазақстан білім көрмелерін ұйымдастырып, түрлі шараларды бірлесіп өткізу, шетелдегі қазақ ғалымдарын қолдау, дарынды қазақ жастары арасында әр сала бойынша олимпиада, конкурстар ұйымдастыру.

«Қазіргі уақытта шетелде 6-7 миллион қандас тұрып жатыр. Ел ішінде алыстағы бауырларымыз тұратын мемлекеттердегі саяси, экономикалық, мәдени және тағы басқа салалардағы ерекшеліктерді ғылыми тұрғыда қамтып, зерттеу жүргізетін орталық қажеттігі байқалады. Осы орайда, Л.Гумилев аты. ЕҰУ-дың базасында «Қазақ диаспорасы, демография және көші-қон» саласын зерттейтін ғылыми институт ашуды ұсынамын», – дейді «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Қанапияұлы.

Алдағы уақытта үш жақты келісім аясында шетелдегі қазақ жастарына жан-жақты қолдау көрсетіледі.