Себебі, қалада коронавирусқа шалдыққандар саны күрт артқан. Арасында дельта штамына шалдыққандар да көп.
Соңғы мәлімет бойынша, Токиода 920 адам коронавируспен ауырған. Өткен аптаға қарағанда 206 адамға көп. Төтенше жағдай режимі 23 шілдеден 8 тамызға дейін Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындары кезінде де сақталады.
Олимпиаданы тамашалауға жергілікті көрерменді қатыстыру мәселесі жуырда талқыланады.
Жапонияның премьер-министрі Ёсихидэ Суга: «Коронавирустың жылдам таралуын ескере отырып, оны тежеу үшін бізге шектеу шараларын күшейту қажет. Сондықтан Токиода төтенше жағдай жариялаймын. Ауруханалардағы науқастар саны азайса, төтенше жағдай режимінің мерзімі қысқарады», – деді.