Ыстықкөлде жоғалған 29 жастағы қазақстандықты іздеу тоқтатылды
Ыстықкөлде жоғалған 29 жастағы қазақстандықты іздеу тоқтатылды
© Sputnik / Антон Подгайко
251
оқылды
Ыстықкөл облысында жоғалған 29 жастағы қазақстандық азаматты іздеу тоқтатылды. Sputnik Қырғызстан іздеуді тоқтату оның  ата-анасының өтініші екенін хабарлады. 29 жастағы қазақстандық азамат 15 шілдеде жоғалып кетті.
«Оның жақындары – 5 адам Қаракөл-Алакөл жайылымына көпір арқылы өтіп, отын алуға аттанады. Ал ол жағалаудың екінші бетінде қалған. Қыздың қазақстандық азаматтығы бар, бірақ оның отбасы Ресейден келді», - деп хабарлады ТЖМ.
Жоғалған қызды іздеуге 100-ден астам полиция және ТЖМ қызметкері қатысты. Олар 20 шақырымнан астам аумақты тексерді.
«Іздеуді тоқтату туралы өтініш жоғалған қыздың ата-анасы тарапынан келді. Себебі, қыздың жақындары құтқарушылар сияқты жоғалған адамды тірі күйінде табу мүмкін еместігін түсініп отыр. Ол орманда адасып кетті деген үміт болды, бірақ ол үмітіміз арада уақыт өткен соң өшті», - дейді құтқарушылар.