Гвинея спортшылары Токио Олимпиадасына қатысудан бас тартты
Гвинея спортшылары Токио Олимпиадасына қатысудан бас тартты
Фото: m24.ru
214
оқылды

Гвинея спортшылары Токио Олимпиадасына қатыспайтын болды.

Africaguinee мәліметінше, Гвинеяның спорт министрі Санусси Бантама Соу Гвинеяның Олимпиада комитетіне елдің төртжылдықтың бас додасына қатыса алмайтыны туралы ресми хат жолдаған. Мұнысын ол Токиода коронавирусқа қатысты жағдайдың ушығып кетуімен түсіндірген.

«Билік пандемияға байланысты спортшылардың денсаулығын ойлап, Гвинея командасы Токиодағы Олимпиадаға қатыспайды деген шешім қабылдады»  делінген ресми хатта.

Ал дереккөздің жазуынша, Гвинеяның Олимпиадаға қатысудан бас тартуына жоқшылық себеп болып отыр. Жарысқа қатысатын бес спортшының Жапонияға барып-келуіне кететін шығынды төлеуге қауқарсыз. Гвинеядан Олимпиадаға Фатумата Яри Камара (еркін күрес), Мамаду Самба Ба (дзюдо), Фатумата Ламарана Туре, Мамаду Таиру Ба (екеуі де ­– жүзу) және Аиссата Деэн Конте (100 метрге жүгіру) баруы тиіс еді.

Біз бұған дейін Қазақстан құрамасы Токиоға арнайы чартерлік рейспен барғанын жазған болатынбыз.