Оңтүстік Африканың орталық бөлігінде төмен температура тіркелген. Бұл туралы Оңтүстік Африка метеорологиялық қызметі Twitter-де хабарлаған.
24 шілдеге қараған түні елдің 19 облысында минималды температура тіркелді. Кимберли қаласы мен оның маңындағы аудандарда термометрлер минус 9,9 градусқа дейін төмендеген. Синоптиктердің айтуынша, мұндай төмен температура ел тарихында бірінші рет болып тұр.
Ал, Йоханнесбург қаласында ауа температурасы 7 градусқа дейін төмендеген. Бұған дейін қалада суық ауа райы туралы жазба 1995 жылы 19 шілдеде тіркелген.
https://twitter.com/SAWeatherServic/status/1418555972155547648?s=20
https://www.youtube.com/watch?v=l1ShxXkcIVo