Жапониялық скейтбордист Момидзи Нисия Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының чемпионы атанды.
13 жастағы спортшы стрит бағдарламасының финалында 15,25 ұпай жинап, бірінші орын алды.
Екінші орынды 13 жастағы бразилиялық Раисса Леал (14,64) алса, үшінші орынды тағы бір жапон қызы Фуна Накаяма (14,49) иеленді.
Айта кетейік, скейтбординг сайысы Токиодағы Олимпиада ойындарында бірінші рет өткізіліп жатыр. Жалпы, бұл спортта ерлер және әйелдер арасында екі жүлде сарапқа салынады.