Франциялық "Пари Сен-Жермен" командасының президенті Нассер Аль-Хелаифи командадан кететін Килиан Мбаппенің орнына Криштиану Роналдуды сатып алуға ниетті, – деп жазады "Чемпионат" порталы.
Париждік команданың басшылары 22 жастағы Франция құрамасының шабуылшының кететініне көнгендей. Бір жылдан кейін еркін агент ретінде "Реал" сапына қосылады екен.
Ал 36 жастағы португалиялық шабуылшы келер жылы ПСЖ сапына тегін қосылады. Себебі, келесі жылы Роналдудың "Ювентуспен" келісімшарты аяқталады.
Еске салайық, бұған дейін ПСЖ сапына Лионель Месси еркін агент ретінде қосылған болатын.