Бүгін Түркияның оңтүстігіндегі Кахраманмараш провинциясында Бериев-200 типті өрт сөндіру ұшағы апатқа ұшырады, – деп жазады Анадолы агенттігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесінің бортында экипажбен бірге жеті адам болған. Амфибия-ұшақ Түркияның Орман шаруашылығы басқармасының балансында болған.
https://www.youtube.com/watch?v=EfqcEyn03BE
Кахраманмараш провинциясының губернаторы Фарук Джошкун Анадолыға берген сұхбатында ұшақтың Алмалы аймағындағы өртті сөндіруге қатысқанын айтты.
«Авиация найзағайдың әсерінен орманда басталған өртті сөндіруге қатысты. Көп ұзамай ұшақпен байланыс үзіліп, ол жерге құлаған. Апат болған жерге құтқару топтары жіберілді», – деді Джошкун.