Өзбекстанның Сурхандария облысына Ауғанстанның белгісі бар ұшақ құлады, — деп хабарлайды "Gazeta.uz.
15 тамызда кешке Ауғанстан әуе күштеріне тән белгілері бар ұшақ Сурхандария облысының Шерабад ауданында апатқа ұшыраған. Ғаламторда апатқа ұшыраған ұшақтың бөліктері мен қаза болған бір адамның суреті мен видеосы тарады.
«Газета.uz» Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінен ақпарат ала алмады. Қорғаныс министрлігі оқиғаны тексеріп жатқанын хабарлады.
Дереккөздің хабарлауынша, екі ауған әскери қызметкері ауруханаға жатқызылған.
Расталмаған ақпарат бойынша, ұшақтағы адамдар парашютпен секіріп үлгерген.
14 тамызда Өзбекстан шекарадан өткен 84 ауған әскери қызметшісін уақытша қабылдап, оларға медициналық көмек көрсетті. СІМ көрші ел азаматтарын қайтару бойынша Ауғанстанмен келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлады.