19 жастағы бойжеткен әлемді ұшақпен жалғыз аралап, рекорд орнатпақ
19 жастағы бойжеткен әлемді ұшақпен жалғыз аралап, рекорд орнатпақ
©bbc.com
237
оқылды

Егер ол діттеген мақсатына жетсе, рекорд орнатады.

Оның бұл сапары 3 айға созылмақ. Осы аралықта Зара «Гренландия, Қытай және Никарагуа сияқты 52 елде барамын» деп жоспарлап отыр.

- Орташа алғанда күніне шамамен 5 сағаттай ұшамын. Жолда 3 күннен кейін үзіліс жасап, тынығып аламын. Арасында шаршап, жалғыздықтан жалығуым мүмкін, - дейді ұшқыш  Зара Резенфорд.

Арманшыл бойжеткен осы бастамасы арқылы қыз-келіншектерді терең білім алып, ғылым, техника, инженерия, математика және авиация салаларында белсенді жұмыс істеуге шақырмақ. Ол 30 жасында әлемді ұшақпен аралап шыққан АҚШ азаматы Шаеста Вайстың рекордын жаңартамын деп сенеді.