Алматыға Ауғанстаннан тағы бір ұшақ келді
Алматыға Ауғанстаннан тағы бір ұшақ келді
©tengrinews.kz
243
оқылды

Ауғанстаннан БҰҰ қызметкерлері мінген екінші рейс Қазақстанға келді. Бортта 108 адам бар. Бұл туралы Қазақстандағы БҰҰ баспасөз қызметі хабарлады.

"БҰҰ қызметкерлері мінген екінші рейс келді. Бортта 108 адам бар. Барлық орналастыру мәліметі бұған дейін баспасөз брифингінде айтылған ақпаратпен бірдей. Олардың Қазақстанға келуіне кеткен барлық шығын БҰҰ есебінен төленеді", – деді БҰҰ баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, 18 тамызда UNAMA қызметкерлері бар алғашқы борт Алматы әуежайына қонған болатын. Келген қызметкерлер халықаралық дипломат, БҰҰ паспорт иегерлері.