Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус таяудағы 3 айда әлемді жаңа пандемияға дайын болуға шақырды, – деп жазады rosbalt.ru.
Бұл туралы ДДСҰ басшысы Женевада өткен брифингте мәлімдеді. Брифинг ұйымның Twitter-дегі ресми парақшасында көрсетілді.
"Келесі үш ай жаңа пандемияға дайындықты қамтамасыз ету үшін, оған қарсы шараларды ұйымдастыру үшін маңызды кезең болады", – деді Гебрейесус.
Қазақстанда соңғы мәлімет бойынша 761 249 адам коронавирус жұқтырған.