Кабулдағы теракт: Тоқаев АҚШ президентіне көңіл айтты
Кабулдағы теракт: Тоқаев АҚШ президентіне көңіл айтты
фото: inforesist.org
338
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Джо Байденге Кабул әуежайындағы террорлық шабуыл салдарынан әскери қызметшілердің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан халқының атынан АҚШ президенті Байденге және Америка халқына Кабул халықаралық әуежайындағы террорлық шабуыл салдарынан АҚШ әскери қызметшілерінің арасында көптеген адам қаза тапқаны және жараланғаны үшін шын жүректен көңіл айтамын. АҚШ тарихтағы ең қиын эвакуациялық әуе операцияларының бірін лайықты түрде аяқтайды деп сенемін. Қазақстан терроризммен күресте халықаралық әріптестермен күш біріктіруді бұрынғыдай жалғастыра береді», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.
26 тамызда Кабулдағы жарылыстар кезінде қаза тапқандар саны 110 адамнан асты. Оның ішінде америкалық әскери қызметкерлер саны 13 адамды құрады. Кеше Кабул әуежайы ғимаратының жанында екі жарылыс болды. Ауғанстан билігіне келген «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) бұл шабуылды жасаған топ жауап беретінін айтты. Шетелдік БАҚ бірінші жарылысқа айыпты «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) деп хабарлады.