Ғалымдар кездейсоқ жаңа арал тапты
Ғалымдар кездейсоқ жаңа арал тапты
Фото: twitter
312
оқылды
Копенгаген университетінің ғалымдары Гренландияға экспедиция кезінде жаңа аралды кездейсоқ тапты. Оны "Кекертақ Аваннарлек" деп атау ұсынылды, деп жазады РИА Новости. Ғалымдар алдымен аралды 1978 жылы ашылған Оодаак деп ойлаған, бірақ геолокацияны тексергеннен кейін олардың мүлдем басқа жерде екендігі белгілі болған.
"Біз жаңа арал ашамыз деп ойламадық, біз тек топырақ үлгілерін жинағымыз келген", - дейді зерттеуші Мортен Руш.
Ғалымдар анықтағандай, арал теңіз деңгейінен үш метр биіктікте орналасқан, оның көлденең ұзындығы шамамен 30 метр екен. Аралды "Кекертақ Аваннарлек" деп атау ұсынылған.