Роналду «Манчестер Юнайтедпен» келісімшартқа қол қойды
Роналду «Манчестер Юнайтедпен» келісімшартқа қол қойды
©REUTERS
374
оқылды
Португалиялық футболшы Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедпен» келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы англиялық клуб ресми мәлімдеді.  Бүгін клуб ойыншымен келісімшартқа қол қойды. «Манчестер Юнайтед» 36 жастағы футболшы үшін «Ювентуске» 15 млн еуро төледі, бұған 8 млн қосымша төлемдер қосылады. Келісімшарт 2+1 жыл жүйесінде жасалды. Мәлімет бойынша, 36 жастағы форвардтың апталық табысы 560 мың еуро. Табысы ең жоғары футболшылар тізімінде екінші «Челси» шабуылшысы Ромелу Лукаку, ол аптасына 525 мың еуро алады. Ал үшінші «Манчестер Сити» ойыншысы Кевин де Брюйне (450 мың). Айта кетейік, Роналду МЮ сапында 2003-2009 жылдар аралығында өнер көрсеткен. Ол кезде 292 ойынға қатысып, 118 гол соқты және 69 нәтижелі пас берді.