Пермьдегі атыс кезінде зардап шеккендер туралы мәлімет жаңарды
Пермьдегі атыс кезінде зардап шеккендер туралы мәлімет жаңарды
Фото: inform.kz
275
оқылды
Жаңартылған мәлімет бойынша, Пермь мемлекеттік университетінде болған оқиға салдарынан алты адам қаза болды, зардап шеккен 28 адамға көмек көрсетіліп жатыр. Бұл туралы Ресей денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды  РИА Новости. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, зардап шеккен 28 адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Күдікті ұстау кезінде полицияға қарсылық көрсетіп, жараланған.
"Апат жағдайындағы федерал медицина орталығының жаңартылған жедел мәліметіне сәйкес, Пермь мемлекеттік университетінде болған оқиға салдарынан алты адам қаза тауып, 28 жараланған адамға медициналық көмек көрсетілді", – делінген хабарламада.