Краснодар өлкесінде Екатеринбургтен Сочиге ұшып бара жатқан ұшаққа найзағай түсті. Ұшақ Краснодар әуежайына шұғыл қонды, - деп хабарлайды E1 басылымы.
25 қыркүйекте ZF347 рейсі Екатеринбургтен Сочиге жолаушыларды жеткізуі керек еді. Бірақ найзағайға байланысты курорттағы әуежай ұшақ қабылдауды уақытша тоқтатқан. Ұшақ екінші рет айналған кезде, әуе кемесіне найзағай түскен.
Рейс жолаушылары найзағай түскен сәтте бортта болған жағдайды видеоға түсіріп алған.
https://www.youtube.com/watch?v=oZXCGZ9AAM8&feature=emb_title
Қазір ұшақ әуежайда тұр, оны әуе компаниясының техникалық қызметтері тексеріп жатыр.
25 қыркүйекте Сочиде ауа райына қатысты шұғыл ескерту жарияланған.