Қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шықты
Қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шықты
310
оқылды
Қазақстандық балуан Жамиля Бақбергенова әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz. Әйелдер күресінен Жамиля Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда Бусе Турсынды (Түркия) қарсыласын жеңді. Екеуара кездесу 13:2 есебімен отандасымыздың еншісіне шешілді. Қазақстандық балуан финалда Масако Фуричидімен кездеседі. Бақбергенова Қазақстанға алғашқы медалды Ослода (Норвегия) әкелген.