Бүгін Грузияның Батуми қаласында бес қабатты тұрғын үй опырылып құлады, — деп жазады "Спутник Грузия".
Батумидің орталығындағы бес қабатты корпус бүгін түс уақытында қирады. Ғимарат 26 мамыр және Абашидзе көшелерінің арасында орналасқан. Қирандылар астында қалған автокөліктен әйел мен оның 6-7 жасар баласы шығарылды.
https://twitter.com/Batumelebi_ge/status/1446406117148483592?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1446406117148483592%7Ctwgr%5E%7Ctwcon%5Es1_&ref_url=https%3A%2F%2Ftengrinews.kz%2Fworld_news%2Fmnogoetajnyiy-dom-obrushilsya-batumi-zavalami-ostayutsya-450720%2F
Құтқарушылар қирандыларды кранның көмегімен көтеруде. Қазірдің өзінде үйінді астынан бірнеше адам шығарылды. Сонымен қатар ғимараттың жанында тұрған 10 автокөлік басылып қалған.