Бейсенбі күні Тайванның Гаосюн қаласындағы тұрғын үйде өрт шығып, салдарынан кем дегенде 46 адам көз жұмған, ондаған адам жарақат алған. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлайды.
14 қазанға қараған түні Тайванның Гаосюн қаласындағы көпқабатты ғимаратта күшті өрт тұтанды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, көпфункциялы ғимарат 40 жыл бұрын салынған, апат кезінде онда 140 адам тұрып жатқан.