Зарина Дияс Джорджия ITF турнирінің жартылай финалына шықты
Зарина Дияс Джорджия ITF турнирінің жартылай финалына шықты
Фото: Яндекс
194
оқылды
Қазақстандық Зарина Дияс АҚШ-тағы Джорджия ITF турнирінің жартылай финалына өтті. Жүлде қоры 80 мың АҚШ доллары. Жарыстың ширек финалында доданың 2-ракеткасы болып тіркелген Зарина америкалық Виктория Дювальмен шеберлік байқатты. Қазақстандық теннисші 1 сағат 16 минутқа созылған кездесуде 6:1, 6:4 есебімен қарсыласынан басым түсті. Енді Зарина Дияс финалға жолдама алу үшін әлемнің 94-ракеткасы, тағы бір америкалық Мария Беатриспен кортқа шығады. Айта кетейік, бұдан бұрын тағы бір отандасымыз Александр Недовесов жұптық сында Антверпен турнирінің жартылай финалына шыққан болатын. Алайда Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге жартылай финалда франциялықтар Николя Маю мен Фабрис Мартен жұбынан 6:7, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.