Өзбекстанның либералды-демократиялық партиясы атынан сайлауға түскен Шавкат Мирзиёев 80,1% дауыс жинап, ел президенті болып қайта сайланды.
Алдын ала деректерге сүйенсек, Шавкат Мирзиёев сайлауда өзге бәсекелестеріне қарағанда айтарлықтай басымдықпен жеңіске жеткен.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан президенті болып сайлануымен құттықтағанын жазған болатынбыз.