«Әлем чемпионаты-2021»: Нұрқанат Райыс 1/16 финалға жолдама алды
«Әлем чемпионаты-2021»: Нұрқанат Райыс 1/16 финалға жолдама алды
254
оқылды
Сербия астанасы Белград қаласындағы бокстан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде қазақстандық Нұрқанат Райыс алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. 75 келіде Нұрқанат 1/32 финалда черногориялық Стефан Савковичпен шеберлік байқасты. Жекпе-жекті қазақстандық спортшы сәтті өткізді. Қарсыласынан мықты екенін көрсетті. Төрешілер Нұрқанат жеңді деген шешім шығарды. Ол жарыстың 1/16 финалына жолдама алды. Бұған дейін Сәкен Бибосынов (51 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі) алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жетті.