27 қазанға арналған ауа райы болжамы
27 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: zhanaqorgan-tynysy.kz
201
оқылды

Оңтүстікте жаңбыр жауады. Тек қана батыс, оңтүстік-шығыста жоғары қысым өрісінің ықпалында болғандықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман, солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында түнде және таңертең тұман, түнде шығысында, күндіз басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде көктайғақ, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Күндіз Түркістан облысының тау асуларында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының батысында және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында тұман күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Жамбыл облысының тау және таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыс, солтүстік-батыстың таулы аудандарында желдің 15-20 м/с-ке күшеюі күтіледі.