Әлем чемпионаты: Саматәлі Төлтаевтың келесі қарсыласы белгілі болды
Әлем чемпионаты: Саматәлі Төлтаевтың келесі қарсыласы белгілі болды
Фото: стады In inbusiness.kz
256
оқылды
Саматәлі Төлтаевтың Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатындағы келесі қарсыласы белгілі болды. 1/8 финалда 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Төлтаев Колумбияның үш дүркін чемпионы Дуван Сулета Мореномен кездеседі. Жекпе-жек 31 қазанда өтеді. Қазақстан Белградта өткен бокстан әлем чемпионатында бір күн ішінде үшінші жекпе-жекті жеңіспен аяқтады. Саматәлі Төлтаевқа келетін болсақ, ол 2021 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде Тайланд боксшысы Хунатипа Пиднучті жеңді. Сондай-ақ бүгін Қазақстан құрамасы сапында Махмұд Сабырхан (54 келі) мен Айбек Оралбай (92 келі) жеңіске жетті. Бүгін кешкі сессияда өнер көрсететін соңғы қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов (71 келі) болмақ.