Асланбек Шымбергенов Шахрам Гиясовты жеңді – видео
Асланбек Шымбергенов Шахрам Гиясовты жеңді – видео
Фото: news.myseldon.com
409
оқылды
Белград қаласында (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Асланбек Шымбергенов екінші жекпе-жегін өткізді. Қазақстан боксшысы Асланбек Шымбергенов (71 келі) өзбекстандық Шахрам Гиясовпен кездесті. Бірінші раунд қазақстандық боксшының пайдасына шешілсе, екінші раундта төрт төреші Асланбекке сенім білдірді. Біреуі ғана өзбек боксшысын қолдады. Нәтижесінде, Шымбергенов төрешілердің бірауыздан шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Асланбек 1/8 финалда германиялық Магомед Шачидовпен кездеседі. https://www.youtube.com/watch?v=lkwQODGAmQE&ab_channel=QAZSPORTTV%2F%D2%9A%D0%90%D0%97%D0%A1%D0%9F%D0%9E%D0%A0%D0%A2TV