Әлем чемпионаты: бүгін 4 боксшы шаршы алаңға шығады
Әлем чемпионаты: бүгін 4 боксшы шаршы алаңға шығады
Фото: news.myseldon.com
216
оқылды
Белград қаласында (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін, 30 қазанда қазақстандық төрт боксшы шаршы алаңға шығады. Боксшыларымыз күндізгі және кешкі сессияда өнер көрсетеді. Күндізгі сессияда Теміртас Жүсіпов (48 келі) сербиялық Омер Аметовичпен кездеседі. Ал Нұрбек Оралбай (80 келі) бразилиялық Исаяс Фильо, Нұрқанат Райыс (75 келі) молдовалық Влад Гавриличпен жұдырықтасады. Ал кешкі сессияда Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) молдовалық Василий Чеботарьмен кездеседі.