Тағы да сенсация: Олимпиада чемпионы жапониялық боксшыдан жеңіліс тапты
Тағы да сенсация: Олимпиада чемпионы жапониялық боксшыдан жеңіліс тапты
192
оқылды
Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында тағы да сенсация болды. 54 келіге дейінгі салмақта 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Шахобиддин Зоиров жапониялық Томоя Цубоймен жолығып, 2:3 есебімен ұтылып қалды. Осымен Өзбекстан құрамасының бесінші боксшысы әлем чемпионатында қарсыласына есе жіберді. Шахобиддин Зоиров әлем чемпионатында өз салмағында басты фаворит саналған болатын. Сондай-ақ бүгін қазақстандық Саматәлі Төлтаев (60 келі) колумбиялық Дуван Сулета Мореномен, Асланбек Шымбергенов (71 келі) неміс Магомед Шахидовпен, ал Айбек Оралбай (92 келі) өзбекстандық Мадияр Саидрахимовпен жұдырықтасады.