Асланбек Шымбергенов қарсыласын нокаутпен жеңді
Асланбек Шымбергенов қарсыласын нокаутпен жеңді
Фото: kfb.kz
219
оқылды
Қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов Белградта бокстан 2021 жылғы әлем чемпионатында германиялық Могамед Шахидовты нокаутпен жеңді. Бұл - Асланбектің үшінші жекпе-жегі. Төрешілер бірінші және екінші раундта бірауыздан Асланбектің жеңісіне қолдау білдірді. Үшінші раундта Асланбек қарсыласын нокаутқа жіберді. Нәтижесінде ол ширек финалға жолдама алды. Бүгін 01:45-те Айбек Оралбай (92 келі) өзбекстандық Мадияр Саидрахимовпен шаршы алаңға шығады. Ол бұған дейін польшалық Матеуш Березницкиді жеңді.