Әлем чемпионаты: Нұрқанат Райыс ширек финалға шықты
Әлем чемпионаты: Нұрқанат Райыс ширек финалға шықты
Фото: sports.kz
210
оқылды
Бокстан Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Нұрқанат Райыс  ширек финалға шықты. 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Райыс 1/8 финалда босқындар құрамасының өкілі, ауғанстандық Сулиман Асламиді жеңді. Төрешілер есебі 5:0 болды. Сондай-ақ, кешке Сәкен Бибосынов (51 келі) үндістандық Дитакпен, Санатәли Төлтаев (63,5 келі) украиналық Денис Песоцкий, Нұрбек Оралбай (80 келі) венгриялық Пал Ковачпен жұдырықтасады.