Құрамаға шақырту алған футболшылардың кеңейтілген тізімі жарияланды
Құрамаға шақырту алған футболшылардың кеңейтілген тізімі жарияланды
201
оқылды
Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қараша айында Франция мен Тәжікстанға қарсы өтетін ойынға шақырту алған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады. Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Мұхамеджан Сейсен («Тараз»), Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»); Қорғаушылар: Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Абзал Бейсебеков («Астана»), Темірлан Ерланов, Юрий Логвиненко (екеуі де – «Ақтөбе»), Сергей Малый, Александр Марочкин (екеуі де – «Тобыл»), Нұралы Әліп, Ян Вороговский (екеуі де – «Қайрат»), Ескендір Қыбырай («Шахтер»), Әлібек Қасым («Қызыл-Жар СК»), Мақсат Тәйкенов («Каспий»), Еркін Тапалов («Ақжайық»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»); Жартылай қорғаушылар: Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Исламбек Қуат («Астана»), Асхат Тағыберген, Азат Нұрғалиев, Самат Жарынбетов (барлығы – «Тобыл»), Георгий Жуков («Висла», Польша), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Рамазан Оразов («Ақтөбе»), Владислав Васильев («Андижан», Өзбекстан); Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Айбар Жақсылықов («Жетісу»), Рамазан Кәрімов («Каспий»). Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 13-нен 14-қарашаға қараған түні  Франция құрамасымен кездеседі. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 01:45-те басталады. Матч «Парк де Пренс» стадионында өтеді. Ал 16 қараша күні ұлттық құрамамыз «Астана Аренада» Тәжікстан командасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді.